Қайрат Рысқұлбеков туралы деректі фильм жарық көрді

Фотография - Қайрат Рысқұлбеков туралы деректі фильм жарық көрді

Бүгін Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

359 0

Бүгін Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

«Қазақтың игі жақсылары Қайраттың кім екенін біледі. Енді осында отырған ертеңгі игі жақсылары да білуге тиіс. Осыдан 2 ай бұрын бізге жас жігіттер келіп Қайрат Рысқұлбеков туралы деректі фильм неге түсірілмеген деп сұрады. Мен оларға осы сұрақты өздеріңе қойыңдар, егер жауап тапсаңдар маған келіңдер дегенді айттым. Біраздан кейін келіп, түсіріп көрейік рұқсат етесіз бе деді», - дейді «Алматы» телеарнасы директорының орынбасары Айбар Олжай. Оның айтуынша, телеарна тарапынан оларға қолдан келген көмек көрсетілген. Барлық жұмысты жастар өздері жүзеге асырған көрінеді. Енді бұл туынды 16 желтоқсан күні түнде телеарнадан көрсетілмек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!