Астанада Наполеон Бонапарттың өмірі туралы көрме ашылады

Фотография - Астанада Наполеон Бонапарттың өмірі туралы көрме ашылады

Астаналықтар желтоқсан айында француз мемлекеттік қайраткері, қолбасшы және император Наполеон Бонапарттың өмірімен жақынырақ таныса алады. Қазақстандағы Франция маусымы аясында Тәуелсіздік сарайында 20 желтоқсан күні «Наполеон. Өмір, Аңыз» атты көрмесі ашылады

250 0

Астаналықтар желтоқсан айында француз мемлекеттік қайраткері, қолбасшы және император Наполеон Бонапарттың өмірімен жақынырақ таныса алады. Қазақстандағы Франция маусымы аясында Тәуелсіздік сарайында 20 желтоқсан күні «Наполеон. Өмір, Аңыз» атты көрмесі ашылады. Бұл туралы astana.gov.kz сайты хабарлады.

Көрме Ұлттық Мұражай және Үлкен Сарайы Бірлестігі, сондай-ақ Қазақстандағы Франция Елшілігінің бастамасымен Наполеон қоры және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме символдық оқиға болып табылады. Бұл Қазақстандағы Франция маусымындағы қорытынды іс-шара және Еуропа мен Францияның ұлы тарихи пішіні Наполеон ғұмыры мен қызметіне арналған. Сөйтіп, Франция мәдениетінің маусымын аяқтай келе, көрмені ұйымдастырушылар қазақ халқына шынайы мәдени мұраның қазынасы Наполеон Бонапарттың жеке заттарын ұсынып отыр.

Көрмеге сол кезеңнің шығармашылық, ғылыми және саяси ғұмырын, сонымен қатар, Наполеон уақытында азаматтық қоғам өзгерістерін көрсету мақсатында Наполеон дәуірі кезінен сақталған шамамен 300 көрме экспонаты, өнер туындылары, қолжазба мен жиһаз заттары алғаш рет Астана қаласында жинақталды.

Экспозиция 9 бөлімнен тұрады: «Аяччо тумасы, патша әскерінің офицері», «Франция төңкерісі», «Наполеон Бонапарт, Революция генералы», «Елбасы Жаратылушы мен реформашы», «Император жанұясы», «Қолбасшы», «Жер аудару және қайтыс болуы», «Аңыз бастамасы».

Көрменің ашылу салтанаты 2013 жылғы 19 желтоқсанда сағат 17:00-де Тәуелсіздік Сарайында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!