Еліміздің әртістері Тәуелсіздік күніне орай концерт қойды

Фотография - Еліміздің әртістері Тәуелсіздік күніне орай концерт қойды

Барша халық Қазақстан республикамыздың бас мерекесі - Тәуелсіздік күніне дайындалуда. Бүгінде елордада бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі  «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған концертті айтуға болады.

249 0

Барша халық Қазақстан республикамыздың бас мерекесі - Тәуелсіздік күніне дайындалуда. Бүгінде елордада бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі  «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған концертті айтуға болады.

Концерт залының сахнасында еліміздің өңірлерінен келген әншілер мен музыканттар өнер көрсетті. Концертке Д.Нүрпейісова атындағы қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттың ұл балаларының жиынтық қоры және Қазақ ұлттық өнер университеті, «Қызылжар» халықтық ансамблі, «Тараз» триосы, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының хоры, К. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің симфониялық оркестрі, сондай-ақ, «Кешью» тобы қатысты.

Концертте Ш. Қалдаяқовтың әндерінен попурри, Дәулеткерейдің «Керұғлы» күйі, А. Жубановтың «Би күйі», К. Әзербаевтың «Туған жер» шығармасы және халық сүйетін басқа да туындылар орындалды. «Астана Балет» хореографиялық ұжымы, «Туған жер» және «Қарлығаш» ансамбльдері би биледі.

Сонымен қатар, Толқын Забирова, Сүндет Байғожин, Жәмиля Жарқымбаева, Игорь Благодарный, Қайрат Мырзаболатов, Құндыз Мақанова, Лейла Сейсенбаева, Ермек Жақсыбаевтар өнер көрсетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!