Қазақстандық эстрада жұлдыздары мерекелік би кешіне қатысады

Фотография - Қазақстандық эстрада жұлдыздары мерекелік би кешіне қатысады

Бүгін елордамызда еліміздің бас мерекесі Тәуелсіздік күні мерекеленуде. Бірнеше күннен бері қалада мерекелік көңіл күй орнап, концерттер, көрмелер, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр

402 0

Бүгін елордамызда еліміздің бас мерекесі Тәуелсіздік күні мерекеленуде. Бірнеше күннен бері қалада мерекелік көңіл күй орнап, концерттер, көрмелер, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар бүгін Астана қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда сағат 18.00-22.00 дейін мерекелік концертпен және би кешімен қорытындыланады.

Астана қаласы мемлекеттік филармониясының жеке орындаушылары концерттің шымылдығын ашады. Сонымен қатар, ашық аспан аясында өтетін шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары: «Ұлытау» тобы, «Ерке», «Жалын», «Ретро», «Аламан» триосы, «KZ», «Дабыл» дуэті, Қыдырәлі Болманов, Дос, Әсел Омарова, Бақыт Шадаева, Досымжан Таңатаров келушілерді мерекемен құттықтайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!