Кэмерон «Аватардың» бірден үш жалғасын түсіруге кіріспек

Фотография - Кэмерон «Аватардың» бірден үш жалғасын түсіруге кіріспек

2009 жылы «Аватар» фильмін түсірген режиссер Джеймс Кэмерон аталған танымал фантастикалық блокбастердің бірден үш жаңа сериясын Жаңа Зеландияда түсіргелі жатқандығын айтып берді

222 0

2009 жылы «Аватар» фильмін түсірген режиссер Джеймс Кэмерон аталған танымал фантастикалық блокбастердің бірден үш жаңа сериясын Жаңа Зеландияда түсіргелі жатқандығын айтып берді.

Бұл жайында ол дүйсенбіде продюсер Джон Ландау мен Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джон Кеймен кездескен кезде хабарлады.

Жаңа картиналар Lightstorm Entertainment және Twentieth Century Fox киностудияларында түсіріледі.

ВВС-дің жазуынша, Кэмерон үш фильмнің түсірілімін бір уақытта, яғни шамамен 9 айдың ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Туындының бірінші сиквелі прокатқа 2016 жылы шығады деп күтілуде.

Өз кезегінде Жаңа Зеландия Үкіметі кино түсірушілерге 25 пайыздық салықтық жеңілдікті ұсынуға келісімін берді.

Айта кетейік, «Аватар» фильмі америкалық киноакадемияның үш марапатына ие болып, кинематограф тарихында ең табысты фильмдердің бірі ретінде танылды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!