Құралай Нұрқаділова жалпы халыққа арналған киімдер шығармақшы

Фотография - Құралай Нұрқаділова жалпы халыққа арналған киімдер шығармақшы

Қазақстандық дизайнер, суретші, стилист Құралай Нұрқаділованың «Құралай» авторлық сән үйі келесі жылдан бастап жалпы халыққа арналған киімдерді шығара бастамақ.

675 0

Қазақстандық дизайнер, суретші, стилист Құралай Нұрқаділованың «Құралай» авторлық сән үйі келесі жылдан бастап жалпы халыққа арналған киімдерді шығара бастамақ.

«Қазіргі таңда Италия, Монако сияқты шет елдермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындары тарапынан да зор қызығушылықтар туып отыр. Алдағы жылдан бастап бірқатар өнімдерімізді өндіріске жіберіп, жалпы халыққа арналған киімдер шығаруды жоспарлап отырмыз», - дейді Қ.Нұрқаділова. Болашақта «Құралай» сән үйінің өнімдері әрбір қазақстандықтың отбасында болуына күш салатынын жеткізген дизайнер, спорттық киімдер желісін дамытуға да атсалыспақ. Бұл бағытта Италия, Ресей, АҚШ, Франция елдерімен келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді.

1992 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің көркемсурет және графика факультетін бітіріп шыққан ол сол жылы «Сымбат» сән үйінің негізінде өзінің алғашқы киім топтамасын дайындап шыққан еді. 1994-95 жылдары Дала TV телекомпаниясының, 1994-98 жылдары «Хабар», «Қазақстан-1» телеарналарының стилисті болды. 1995 жылы өзінің авторлық сән үйін ашып, түрлі халықаралық байқауларда ел намысын абыроймен қорғап келеді.


Тегтер:

мода

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!