Семейде қазақ және орыс драмма театрлары бірігіп пьесса қойды

Фотография - Семейде қазақ және орыс драмма театрлары бірігіп пьесса қойды

Семейде Абай атындағы қазақ драма театры мен Достаевский атындағы орыс драма театры алғаш рет  бірлесе отырып, тәуелсіз, көп ұлтты Қазақстандағы татулықты, береке-бірлік пен түсіністікті дәріптейтін жаңа қойылым ұсынды.

389 0

Семейде Абай атындағы қазақ драма театры мен Достаевский атындағы орыс драма театры алғаш рет  бірлесе отырып, тәуелсіз, көп ұлтты Қазақстандағы татулықты, береке-бірлік пен түсіністікті дәріптейтін жаңа қойылым ұсынды.

Белгілі драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің «Бақыт құсы» пьесасын режиссер Ерсайын Тапенов сахнаға шығарды. Театр ұжымы осы қойылым арқылы жастар санасына тәуелсіздік ұғымын сіңіріп, ұлттар татулығының нығая түсуіне үлес қоспақ ниетте екенін айтты. Дулат Исабековтің «Бақыт құсы» пьесасы Қазақстанға тағдырдың жазуымен қоныс аударып, жергілікті халықпен етене араласып кеткен өзге ұлт өкілдерінің қазіргі тыныс-тіршілігін суреттейді. Шығарма кейіпкері Бәтима әжейдің ұлы Бектұр Нелли Ким есімді қызға ғашық болады. Аты-жөні корейше болғанымен, бойжеткеннің ұлты қазақ болып шығады. Тастанды нәрестені кезінде Инна және Олег Ким деген корей отбасы асырап алған. Қызға көңілі ауған тағы бір корей жігіті Пак Чен Гу оған үйлену үшін ислам дінін қабылдауға бел буады. Сонымен қатар сахнада Ресейге көшкісі келмеген Василий Макарыч, Германиядан Қазақстанға қайта оралған Неймандар отбасы да шер тарқатып, қазақ жерін қимайтындарын айтады. Осындай қым-қиғаш оқиғаларға толы пьеса адамдар арасындағы өзара түсіністік, сыйластық, құрмет сияқты ізгі сезімдерге толы.

Андрей Глушков, актер:

- Пьесада Қазақстанның және осында тұратын көптеген ұлттың тарихы, қазіргі заманғы жағдайлардың барлығы қамтылған. Сондықтан жастар өте қызығып қарайды. Өйткені бұл өткен шақ емес, қазіргі күнгі оқиғаны бейнелейтін туынды.

Қойылым жанры романтикалық комедия болғанымен де, кейіпкерлер тағдырындағы маңызды дүниелер жеңіл-желпі берілмейді. Әр көрерменге ой салады. Сахна шеберлері қойылым соңында екі ұжымның бірігіп жұмыс істеуі ешбір қиындық келтірмегендігін айтады. Себебі сахна төрінде олар кейіпкер сомдап қана емес, өмірде де өзара әріптестік әрі достық қарым қатынаста.

Елена Дручинина, актриса:

- Біз қойылымға дайындық барысында бір-бірімізге үнемі көмектесіп, қойылымның мазмұнына сай толықтырып отырдық. Орысша сөздерді қолдануда біз жәрдемдессек, қандай да бір қазақша сөз айтуда олар бізге кеңес беріп, айтылар сөйлемнің әуезділігінайтып отырды. Бұл пьесаны сахналау барысында жақсы жұмыс істедік.

Айта кетерлігі, қойылым барысында сахнада үнемі жаюлы тұрған дастарханды байқауға болады. Ал бұл тәуелсіз еліміздегі тату тірліктің астарлы көрінісі болса керек.


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!