Кітап мәдениетіне үлес қосқандар марапатталады

Фотография - Кітап мәдениетіне үлес қосқандар марапатталады

Елімізде «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалі бекітілді

257 0

Елімізде «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалі бекітілді.

«Еліміздің кітап шығару ісі, баспа-полиграфия саласы, кітапхана жүйесі қызметкерлері, қаламгерлер, сонымен бірге кітап мәдениетін арттыруға зор үлес қосып жүрген еліміздің және шетелдің көрнекті мәдениет, саясат қайраткерлерін ынталандыру мақсатында Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Қазақстан баспахана мамандарының қауымдастығы, Қазақстанның жазушылар Одағы, Қазақстанның баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастығы, Кітапхана қауымдастығы «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалін бекітті».

Медальмен жылына екі рет Баспа күні қарсаңында – 28 маусымда және Тәуелсіздік күні қарсаңында – 16 желтоқсанда тапсырылып тұрады. Алғашқы марапаттау салтанаты 20 желтоқсанда Алматыда өтеді - деп хабарлады  baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!