«Сталинград» киносы «Оскар» сыйлығына үміткер фильмдердің тізіміне енбеді

Фотография - «Сталинград» киносы «Оскар» сыйлығына үміткер фильмдердің тізіміне енбеді

Америкалық киноакадемия «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымында «Оскар» сыйлығына үміткерлердің қысқа тізіміне енген туындыларды жариялады

112 0

Америкалық киноакадемия «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымында «Оскар» сыйлығына үміткерлердің қысқа тізіміне енген туындыларды жариялады. Тізімге енген тоғыз фильмнің ішінде режиссер Федор Бондарчуктың «Сталинград» киносы жоқ, деп хабарлайды РБК.

«Киноакадемиктер құрған тізімге: «Разорванный круг» (Феликс Ван Гронинген (Бельгия), «Охота» (Томас Винтерберг (Дания), «Две жизни» (Георг Маас (Германия), «Великий Мастер» (Гонконг режиссері Вонг Карвай), «Великая Красота» (итальяндық Паоло Соррентино), «Тетрадь» (Янош Сас (Венгрия), «Исчезнувшее изображение» (Ритхи Паня (Камбоджа), сондай-ақ пәкістандық фильм «Омар» (режиссері Хани Абу-Ассад) енген » - делінген хабарламада.

Сыйлыққа үміткер бес номинант 16 қаңтарда белгілі болады, ал «Оскар» марапатын табыстау рәсімі 2014 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте өтеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!