Әділхан Ержановтың фильмі жеңіске жетті

Фотография - Әділхан Ержановтың фильмі жеңіске жетті

Режиссер Әділхан Ержановтың "Құрылысшылар" фильмі Филиппинде өткен халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алды

132 0

Режиссер Әділхан Ержановтың "Құрылысшылар" фильмі Филиппинде өткен халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алды.

"Құрылысшылар" небәрі 10 мың долларға түсірілген. Сюжетте ата-анасыз қалған ағалы-інілі мен қарындас туралы баяндалады. Қолдарында бар жер учаскесінен жаңа заңға байланысты айырылу қаупі төнеді. Сол себепті олар өз күштерімен тездетіп сол жерге баспана тұрғызуға кіріседі. Үйдің іргетасын қалағаннан кейін полицей келіп, тағы да заң өзгергенін айтады. Ағайындылар үшін сәтсіз хабарлар келе береді, бірақ олар жер телімі үшін күрестерін тоқтатпайды.

Кинокартина осыған дейін бес халықаралық кинофестивальға қатысқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!