«Күләш» фильмі көрермендер назарында

Фотография - «Күләш» фильмі көрермендер назарында

«Хабар» арнасында желтоқсанның 23-інен бастап көрсетіле бастаған «Күләш» телехикаясы аты аңызға айналған жезтаңдай әнші Күләш Бәйсейітованың көзін көрген жақындарына ерекше әсер етті

390 0

«Хабар» арнасында желтоқсанның 23-інен бастап көрсетіле бастаған «Күләш» телехикаясы аты аңызға айналған жезтаңдай әнші Күләш Бәйсейітованың көзін көрген жақындарына ерекше әсер етті. Дарын иесінің ағайын-тумасы қазақ киносының тарихында тұңғыш рет жарық көрген бұл туынды жөнінде біздің тілшілерімізбен өз пікірлерімен бөліскен еді - деп хабарлады  baq.kz

«Фильмнің алғашқы сериясы көрсетілген күні түн ортасына дейін барлық таныстарымыз, біздің жанұямызбен араласып тұратын замандастарымыз Қазақстанның түкпір-түкпірінен хабарласып, құттықтап жатты»,-деп бастады әңгімесін Күләш Бәйсейітованың қызы Қарлығаш Бәйсейітова. Асқан дарын иесінің жақындары, әсіресе, басты рольді орындаған Әйгерім Уалжанованың актерлік шеберлігіне, сырт бейнесінің ұқсастығына қайран қалғандарын айтып, ризашылықтарын білдіруде.

Қарлығаш Бәйсейітова, Күләш Бәйсейітованың қызы:

- Мамам сияқты бойы кішкентай, мамам сияқты нәзік, күліп тұрады, мамам да сондай болған, күліп тұрған. Ешқашан да ала көзбен қараған жоқ. Соны мен байқадым, ойладым, қандай мамама ұқсайды деп.

Тұрсын Бейісова, Күләш Бәйсейітованың немере сіңлісі:

- Күләш болып ойнап жүрген актриса өте ұқсайды, мына тәтемнің жас кезіндегісі. Былай, өте былай ұстамды.

Қарлығаш Бәйсейітова фильмнің алғашқы серияларынан сонау балалық шағынан оралған самаурынды, анасының кабинетінде тұрған үстелді көріп, таң қалғанын жасырмады.

 

Қарлығаш Бәйсейітова, Күләш Бәйсейітованың қызы:

- Мамам кабинетке кіргізіп, егер де столовыйда нетпесе, кабинетке кіргізіп, арызын жазған. Қандай көмек керек деп, 16 адам түрмеден құтқарды. Бәріне де жауап берген. Ответ дала, ответ дала, ответ дала деп. Қалай үлгерген?

 

Қарлығаш Бәйсейітованың айтуынша, фильм авторлары түсірілім басталғаннан бастап әрдайым әншінің қызымен ақылдасып отырыпты. Басым бөлігі Орал қаласында түсірілген телехикаяда Күләш тұрған үйге ұқсас ғимаратты табу үшін шығармашылық топ Қарлығаш апайға шаһардағы көне ғимараттардың суретін жіберіп, ол кісінің құптауынан кейін жұмыстарын жалғастырған.

 

Қарлығаш Бәйсейітова, Күләш Бәйсейітованың қызы:

- Көп-көп рахмет! Ризамыз! Сондай бірінші рет осындай фильм. Маған бәрі звондайды, қандай жақсы деп, неге бұрын сондай киноны түсірмеген мамам туралы. Ризамыз.

 

Небары 24 жасында «Кеңес Одағының Халық артисі» атағына ие болған Күләш Бәйсейітованың өмірі мен өнері туралы түсірілген кинотуынды «Хабар» арнасында әлі де жалғасуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!