Сурет сыры: Қазақтың алғашқы журналистері

Фотография - Сурет сыры: Қазақтың алғашқы журналистері

 Бұл сурет Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында тұратын 80 жасар Роза әже Медешованың жеке архивінен алынған

486 0

 Бұл сурет Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында тұратын 80 жасар Роза әже Медешованың жеке архивінен алынған. Ол – 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілген журналист Медеш Оралдиевтің қызы. Суретте Медеш Оралдиев екінші қатарда, оң жақтан екінші отыр.

Бір қызығы, осы фотосуреттің сыртқы жағында араб әріптерімен «Медеш ауылдас! Еңбегің сіңген «Қызыл тудың» №1000-нан ескерткіш. Ғалым. 2.ІІІ, 1930. Орал» деген жазу жазылған.

Мұндағы «Қызыл ту» – қазіргі Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық саяси «Орал өңірі» газетінің 1920-1932 жылдар-дағы атауы. 1930 жылы ол басылымда Ғалым Малдыбаев жауапты редактор болған.

Біздің ойымызша, сурет Орал қаласында, «Қызыл ту» газетінің мыңыншы саны шыққанда түсірілген болуы мүмкін. Ол кездері Орал губерниялық «Қызыл ту» және «Красный Урал» газеттері қазақ-орыс тілдерінде бірге шығып тұрған. Медеш Оралдиев те сол кезде газет редакциясында еңбек еткен болса керек. Бірақ көп кешікпей Алматыға қоныс аударып, Семей, Қарағанды облыстарында қызмет еткен. Қарағанды облысы Қарқаралы өңірінде газет басқарып тұрғанда репрессияға ұшыраған - деп хабарлады  baq.kz

Бұл суретте қазіргі «Орал өңірі» мен «Приуралье» га-зеттерінің 1930 жылғы редакциясында қызмет еткен журна-листер бейнеленген болуы мүмкін. Оқырмандарымыздан фотода бейнеленген жандар туралы қандай да бір дерек, мәлімет білсе, хабарласуын өтінеміз.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!