Опера әншісі, КСРО Халық әртісі Роза Жаманова өмірден озды

Фотография - Опера әншісі, КСРО Халық әртісі Роза Жаманова өмірден озды

Бүгін Алматыда 86 жасқа қараған шағында КСРО Халық әртісі Роза Үмбетқызы Жаманова ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін қайтыс болды

313 0

Бүгін Алматыда 86 жасқа қараған шағында КСРО Халық әртісі Роза Үмбетқызы Жаманова ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін қайтыс болды. Қазақстан опера өнерінің мақтанышы болған, сопрано дауысты әйгілі өнер саңлағын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 30 желтоқсанда өзі 1953 жылдан бері еңбек еткен Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында өтпек.

1928 жылы 16 сәуірде Ақтөбеде өмірге келген Роза Үмбетқызы Орал музыка мектебі мен Орал музыка колледжін бітіріп, қазіргі Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының вокал сыныбын аяқтады. Польша (1959), Үндістан (1963), Канада (1967), Италия (1968) сияқты көптеген елдерге гастрольдік сапармен барып, қазақ операсының сандуғашы атанды. 1977 жылдан бастап өзі жоғары білім алған консерваторияда шәкірт тәрбиелеуге атсалысып, оқу құралдары мен өзге де баспа материалдарының авторы болды. Ерен еңбегі үшін оған 1957 жылы ҚазКСР Халық әртісі, 1959 жылы КСРО Халық әртісі атағы берілді, 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен, 1971 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен, 1972 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығымен, 1978 жылы Халықтар достығы орденімен, 1986 жылы Ленин орденімен, 2001 жылы Парасат орденімен, ал 2005 жылы «Үлесі үшін» аталымы бойынша Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығымен марапатталды.


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!