И.Ескендір: Қаңтарда Қытай қазақтарына концерт беру ойымда бар

Фотография - И.Ескендір: Қаңтарда Қытай қазақтарына концерт беру ойымда бар

«Қаңтар айында өнердегі ұстазым Бекболат Тілеухан ағаммен бірігіп Қытайдағы қандастарымыз алдында концерт беруді жоспарлап отырмыз»,- деді  әнші Ибрагим Ескендір. 

265 0

«Қаңтар айында өнердегі ұстазым Бекболат Тілеухан ағаммен бірігіп Қытайдағы қандастарымыз алдында концерт беруді жоспарлап отырмыз»,- деді  әнші Ибрагим Ескендір. 

Жылдың үздік патриоттарының бірі ретінде «Жас тұлпар» жастар сыйлығын еншілеген әнші «Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан асыл ұғым жоқ» дей келе Жылқы жылғы жоспарларын жария етті.

– «Көк тудың желбірегені» шеттегі ағайынның сүйіп тыңдайтын әніне айналды. Түркиядан, Моңғолиядан, Қытайдан көптеген қандастарымыз сұраныс жасап, концерт беруге шақырып жатыр. Осыған байланысты өнердегі ұстазым Бекболат Тілеухан ағаммен бірігіп, Қытайдағы бауырларыммен бірге сол елді аралап, қаңтар айында концерт беру ойда бар. Ыстамбұлдағы қазақ жастарынан да ұсыныс түсті. Бірақ оның уақыты әлі белгісіз. Алдағы уақытта Түркияға да, Моңғолияға да барып қайтпақпыз,- дейді Ибрагим.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!