Конан Дойлдың мұрагерлерін құқықтарынан айырды

Фотография - Конан Дойлдың мұрагерлерін құқықтарынан айырды

АҚШ-та сот жазушы Артур Конан Дойлдың мұрагерлік қорына Шерлок Холмс пен дәрігер Ватсонның детективті әңгімелеріндегі кейіпкерлерінің бейнесі құқығын иеленуді кері қайтарды.

351 0

АҚШ-та сот жазушы Артур Конан Дойлдың мұрагерлік қорына Шерлок Холмс пен дәрігер Ватсонның детективті әңгімелеріндегі кейіпкерлерінің бейнесі құқығын иеленуді кері қайтарды.

Қор өкілдері осыған дейін бірнеше рет АҚШ аумағында Холмс пен Ватсонның бейнелерінің бірнеше рет қолданылғаны үшін ақшалай аударым талап еткен болатын. Мұндай талап жазушының мұрагері Джин Конан Дойлдың 1981 жылы «Шерлок Холмстың мұрағаттары» жинағындағы соңғы 12 әңгімеге байланысты құқықты екенін білдіретін тіркеу негізінде жасалды.

Сот шешіміне сәйкес, қор талаптары негізсіз болды. Джин Конан Дойлға тиесілі шығармалардың құқығы бойынша Холмс жайлы романдардағы сол тыңшы мен оның серігіның бейнесі еш өзгеріссіз қолданылып келеді. Осылайша, сот АҚШ-та авторлық құқық шығарманың сюжеттік желісінің ғана қорғалатынын айтты. Алайда Холмс пен Ватсон бейнелерінің қорғалмайтынын айтты.


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!