«Қазақстан дауысы»: батысқазақстандық А.Айтқалиева мен Т.Жексенбаев келесі айналымға өтті

Фотография - «Қазақстан дауысы»: батысқазақстандық А.Айтқалиева мен Т.Жексенбаев келесі айналымға өтті

«Қазақстан» ұлттық арнасының «Қазақстан дауысы» жобасына қатысушы 16 үміткер кеше тікелей эфирде өнер көрсетті.

164 0

«Қазақстан» ұлттық арнасының «Қазақстан дауысы» жобасына қатысушы 16 үміткер кеше тікелей эфирде өнер көрсетті.

Батыс Қазақстан облысы намысын қорғап жатқан Айнара Айтқалиева мен Таңат Жексенбаев тағы да көрермендердің дауысын көбірек иеленіп, келесі айналымға қиналмай шықты. Бастапқыда-ақ ерекше даусымен төрт бірдей тәлімгерді таңғалдырып, Алмас Кішкенбаевты «ғашық қылып», содан бері сүрінбей келе жатқан Айнара бұл жолы «Құс жолы» әнін орындаса, батысқазақстандықтар үміт артып отырған тағы бір талант Таңат Ұлықпан Жолдасовтың «Өмір» әнін көрермендер назарына ұсынды.

Алдағы жексенбіде 12 үміткер бақ сынайтын болады. Биылғы 19 қаңтарда мәреге жететін «Қазақстан дауысының» жеңімпазы 5 млн. теңге сыйлыққа қол жеткізбек.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!