Қазақ батырлары туралы мультсериал 3D форматта көрсетілмек

Фотография - Қазақ батырлары туралы мультсериал 3D форматта көрсетілмек

Қазақстандық телеэкрандардан балаларға арналған «Батырлар» 3D-анимациалық мультсериалының алғашқы сериясы көрсетіледі, деп хабарлады Технологиялық даму ұлттық агенттігінің баспасөз қызметінен.

165 0

Қазақстандық телеэкрандардан балаларға арналған «Батырлар» 3D-анимациалық мультсериалының алғашқы сериясы көрсетіледі, деп хабарлады Технологиялық даму ұлттық агенттігінің баспасөз қызметінен.

Мультсериал жасаушылардың ең басты көздегені - Наурызбай батыр, Қабанбай батыр және Бөгенбай батыр кейіпкерлері арқылы қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін, ұлттық ерекшелігін көрсету.

Жалпы алғашқы серия 10 минутқа созылады және онда 14 анимациялық персонаж бар.

«Көк экрандарымызда ұлттық салт-санамызға жат, жастарымызды қазақ тарихынан алшақтататын бөтен кейіпкерлер өте көп. Мультсериал отандық көркем персонаждарға, ержүрек батырларға толы, сондықтан аталған олқылықтың орнын толтыруға атсалысады», - мультсериалдың компьютерлік графика бойынша продюсері Айнұр Темірханқызы.

Оның сөзінше, анимациялық дүниені жасауда оптикалық жүйелердің және сандық технологияның ең заманауи әдістері қолданылған. 2011 жылдың желтоқсан айында компания «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ-ның грантына ие болған.

Грант қаржысы Vicon компаниясының шығарған ең озық Motion Capture инновациялық технологиясы сатып алынды. Ол 3D анимация жасау барысындағы шығындарды 50 пайызға дейін қысқартады. Motion Capture әлемдік тәжірибеде ойын-сауық, медицина, спорт, ғылым мен өнеркәсіп сынды түрлі салаларда қолданылады.

«Ең басты басымдық енді анимация қолмен жасалмайды. Аталмыш технология анимация өндірісін жасау мерзімін 10 есеге дейін қысқартпақ», - дейді А.Темірханқызы.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!