«Дала уәлаяты» газетінің жарық көргеніне 126 жыл толды

Фотография - «Дала уәлаяты» газетінің жарық көргеніне 126 жыл толды

 Кеше 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде "Акмолинские областные ведомости" газетіне қосымша ретінде "Дала уәлаятының газеті» деген атпен шығып тұрған ресми газеттің жарық көргеніне 126 жыл толды

1086 0

 Кеше 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде "Акмолинские областные ведомости" газетіне қосымша ретінде "Дала уәлаятының газеті» деген атпен шығып тұрған ресми газеттің жарық көргеніне 126 жыл толды - деп хабарлады  baq.kz

Басылым алдымен Батыс Сібір, кейін Дала құрамына Ақмола, Семей және Жетісу облыстары кіретін Дала генерал-губернаторлығының халқын атқарушы биліктің қызметімен таныстыру мақсатын көздеді. Газеттің қазақша нұсқасына Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазин редакторлық жасады. Бастапқыда жарты баспа табақ көлемінде 4 бет болып аптасына бір рет басылған газет, 8-нөмірінен бастап 1 баспа табақ көлемінде 8 бет боп шыққан. Оның бейресми бөлімінде Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов туралы материалдар басылды. Сондай-ақ Абай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Барлыбек Сыртанов, Отыншы Әлжанов, Садуақас Шорманов, Жағыпар Айманов, Асылқожа Құрманбаев, Қорабай Жапанов, Мұхамеджан Сералин, Жақып Ақбаев, Әміре Айтбақин және тағы басқалардың шығармалары, хаттары, мақалалары шығып тұрған. Басылым материалдары тәуелсіздік жылдары библиограф-ғалым Үшкілтай Субханбердинаның құрастыруымен 4 кітап болып жарық көрді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!