Батысқазақстандық бір топ мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді

Фотография - Батысқазақстандық бір топ мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бір топ мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін табыс етті

434 0

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бір топ мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін табыс етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мәдениет және өнер саласындағы елеулі еңбегі үшін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістері Камалиден Айтбаев пен Владимир Баяндин, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сайран Дүйсентегі, облыстық қазақ драма театрының әртісі Теміржан Матаев, осы театрдың суретшісі Қайыр Оразғалиев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Меңдіғаным Мергенбаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің аталмыш наградасымен марапатталған болатын. Сонымен қатар мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан Мақсот Омарғалиев облыс әкімінің алғысхатына ие болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!