«Хабар» арнасы «Тракторшының махаббаты» телехикаясын қайталап көрсетеді

Фотография - «Хабар» арнасы  «Тракторшының махаббаты» телехикаясын қайталап көрсетеді

«Ел арнада» тұсауы кесіліп, көрермен тарапынан жоғары бағасын алып үлгерген «Тракторшының махаббаты» сериалы бүгіннен бастап «Хабар» арнасынан көрсетілетін болады

180 0

«Ел арнада» тұсауы кесіліп, көрермен тарапынан жоғары бағасын алып үлгерген «Тракторшының махаббаты» сериалы бүгіннен бастап «Хабар» арнасынан көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Хабар» агенттігі, «Ел арна» арнасы мен белгілі продюсер Баян Есентаеваның жобасы телевизиялық рейтингтерге сәйкес, отандық сериалдар арасында ең жоғары көрсеткіштерге ие болған еді.

Сюжетке сәйкес, Белла есімді сұлу бойжеткен өзінің тойына асығып бара жатып, Астана-Алматы трассасында көлік апатына ұшырайды. Оны жолай өтіп бара жатқан тракторшы - Жасұлан құтқарып алады. Ауылда есін жиған Белла аяқ астынан жадынан айырылып, өткен өмірін еске түсіре алмайды. Осы сәттен бастап қалалық қыздың ауылдағы өмірі, тракторшының анасы мен басқа да ауыл тұрғындарымен қызғылықты қарым-қатынасы басталады.

Басты рөлде - КешYOU тобының әншісі Кәмшат Жолдыбаева. «Ғашық болғыш» тракторист - «Ликвидатор», «А»-ға оралу», «Махамбет», т.б. фильмдерден көрерменге жақсы таныс Берік Айтжанов. Әкім рөлін әйгілі актер Димаш Ахимов сомдаса, оның әйелі - «Тамашаның» жұлдызы Гүлжан Қалыбаева. Сондай-ақ сериалдың көркі болып жүрген Б.Римова атындағы театрдың әртісі Әлихан Ыдырысованың ойынын атап айтуға болады.

16 сериялы сериалдың оқиға желісін ойлап тауып, сценарийін жазғандар - Данияр Күмісбаев пен Асқар Ұзабаев. Қысқасы, «Тракторшының махаббатынан» қашан да көрермен көңіліндегіні дөп басатын Баян Есентаева бастаған топтың қолтаңбасы аңғарылады.

«Сериалдың көрермендер көңілінен шыққанына қуаныштымыз, - дейді Баян Есентаева. - Ең қызығы, түсірілім кезінде бәріміз шын мәнінде ауылда тұрдық - су тасып, самауырдан шай іштік, ауылдың тұрмыс-тіршілігіне араласып, нағыз ауыл адамдарына айналдық. Кәмшат сиыр сауып үйренді. «Құтты қонақ келсе, қой егіз туады» демекші, жақсы нышан - тура түсірілім кезінде сиыр бұзаулады. Ауылдағы тұрмыс оңай емес шығар, бірақ махаббат қай кезде де болатыны анық. Сериалды жіберіп алмаңыздар, бұдан әрі одан да қызық болады!»

«Тракторшының махаббаты» сериалы «Хабар» телеарнасынан 6 қаңтардан бастап, дүйсенбі-жұма аралығында 21.30-да (қайталауы 11.50-де) көрсетіледі.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!