Бүгін - «Қазақстан дауысы» жобасының ақтық сайысы

Фотография - Бүгін - «Қазақстан дауысы» жобасының ақтық сайысы

49 0

Ұлттық арнада өткен жылдың маусым айында басталған «Қазақстан дауысы» жобасының бүгін ақтық сайысы өтеді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 9000-нан астам үміткерден финалға тек төртеуі ғана жетті.

Жарты жыл бойы көрерменнің көзайымына айналған жобаның жүйрігі бүгін анықталады.

Осы сайыста жеңімпаздар танымал әншілермен және өз тәлімгерлерімен қосылып ән шырқайды.

Бұл жобаға өнерге таласы бар түрлі мамандық иелері қатысты. Экономист те, педагог пен психолог та, тіпті көлік жүргізушілері де бағын сынады. Ең мықтылары сындардан сүрінбей өтіп, ақтық мәреге дейін жетті. Қазір шешуші кезең алдында қызу дайындық жүруде.

Айта кетер жайт, бұл жобаның қатысушылары тек оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқайды.

Бүгінгі сайыста жеңімпаздар танымал әншілермен және өз тәлімгерлерімен қосылып ән шырқайды. Үздікті тек дауыс беру арқылы көрермендер таңдайды. Ұлттық арна топ жарған талантқа 5 миллион теңге қаржылай сыйақы бермек. Сондай-ақ, жеңімпаз әлемге әйгілі «Universal» дыбыс жазу студиясымен 1 жылға келісімшартқа отырады, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!