Отандасымыз АҚШ-та өткен халықаралық саз байқауында Гран-приді жеңіп алды

Фотография - Отандасымыз АҚШ-та өткен халықаралық саз байқауында Гран-приді жеңіп алды

18 0

«Жас Отанның» елордалық филиалының белсендісі Фархад Мәденов Лас-Вегаста шымылдығы жабылған XIX халықаралық «Хрустальді магнолия» саз байқауында Гран-Приді жеңіп алды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының сайты хабарлады.

Екі кезеңдік байқауда әлемнің барлық елдерінен 10 мыңнан астам орындаушылар өзара бақ сынасты. Аталмыш байқауда еліміздің жас әншісі Қазақстанның Президенті Н. Назарбаевтың «Үшқоңыр» әні мен итальяндық «La spagnola» туындысын орындады.

Жас орындаушының айтуынша, екінші кезеңге сәтті өткен одан ол жерде де «Үшқоңыр» әнін қайталап орындауды өтініпті.

Әділқазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесі бірауыздан Фархад Мәденовке табыс етілген. Сонымен қатар,  жеңімпазға Лос-Анджелестің беделді музыкалық оқу орындарының бірінде білім алуға мүмкіндік жасалып отыр.

«Жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Маған қолдау білдіргендердің барлығына алғыс білдіремін. Бұл - жалғыз менің емес, барша Қазақстанның жеңісі», - деді өз әсерімен бөліскен жас әнші.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың соңында Фархад Мәденов Батыс Голливудта (АҚШ) өткен жас орындаушылардың VI  Халықаралық «Колибри»  байқауында «академиялық вокал» аталымында жеңімпаз атанған болатын.


Тегтер:

Музыка @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!