Қазақтың белгілі ақыны *Фариза Оңғарсынова дүниеден озды*

Фотография - Қазақтың белгілі ақыны *Фариза Оңғарсынова дүниеден озды*

143 0

Кеше, 23 қаңтарда Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова 75-ке қараған шағында дүниеден өтті.

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің - Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім - менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы.

Шығармалары: Сандуғаш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975; Біздің Кәмшат. Повесть. А., «Жазушы», 1976; Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Шілде. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1978; Нежность. Стихи. А., «Жалын», 1978; Тревоги. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1979; Озарение. Стихи. М., «Советский писатель», 1980; Полдневный жар. Стихи. А., «Жазушы», 1980; Сұхбат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., «Жалын», 1984; Дауа. Өлеңдер. «Жалын», 1985; Алмазный клинок. Стихи. М., «Художественная литература», 1984; Ожидание солнца. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985; Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987; 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!