Алматы тұрғындары «Біржан - Сараны» тұңғыш рет түпнұсқада тыңдау мүмкіндігіне ие болады

Фотография - Алматы тұрғындары «Біржан - Сараны» тұңғыш рет түпнұсқада тыңдау мүмкіндігіне ие болады

246 0

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қазақ операсының маржаны «Біржан - Сараны» тұңғыш рет түпнұсқада, ешбір  қысқартусыз, маэстро Абзал Мұхитдиновтің жаңа музыкалық редакциясында тыңдау мүмкіндігіне ие болады.

Аты аңызға айналған Мария театрының (Санкт-Петербор) үздік теноры, Біржан партиясының маңдайалды орындаушысы Ахмет Ағади ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязовамен бірге шырқайды. Ресейдің халық суретшісі Вячеслав Окунев Алматы көрерменіне ұлттық нақышта әзірленген таңдаулы декорациясын ұсынып отыр.

Ресейдің халық әртісі Юрий Александровтың бұл қойылымын 4 ақпанда 19:00-де Абай атындағы МАОБТ-да тамашалауға болады. Жаңаша қойылатын спектакльдің ерекшелігі, сахнада кісі өлімін мойындамайтын қоюшының Біржанды халқына деген шексіз махаббатқа және жарқын болашаққа деген арманға толы шабыттандыратын әндерімен бірге тірілтетіндігінде. Юрий Александров екінші көріністегі қос ғашықтың орындауындағы  Бiржан мен Сараның дуэтін соңына қойып, көрерменге өнер мен махаббатты өлтіруге болмайтынына ой тастайды.

«Бұған дейін «Бiржан - Сара» операсының партитурасымен ешкім бұлай жұмыс жасаған емес, туындының түпнұсқасын шетелдік театрлар орындайын десе қолдары жеткен жоқ. Енді қазақ операсының маржанын толық нұсқада тыңдайтын ерекше мүмкіндік туды, себебі кезінде ықшамдалған нұсқалар толығымен енді. Музыкалық театрдың тарихында қазақ операсының партитурасы мен оркестрлік дауыстары бірінші рет техникалық тұрғыдан басып шығарылды. Қолжазбадағы барлық қателер түзетілді. Қазір симфониялық оркестрдің музыканттары жоғары әлемдік сападағы оркестрлік партияларға ие. Енді кез келген кәсіпқой музыкант өз партиясын қағазға қарап-ақ орындай алады», - дейді «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі Абзал Мұхитдинов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!