Түркияда қазақ киносының айлығы басталды

Фотография - Түркияда қазақ киносының айлығы басталды

30 0

Түркияда «қазақстандық кино айлығы» аясында «Канал Т» арнасында ҚР Елшілігінің мұрындық болуымен түрік тіліне аударылған қазақстандық көркем фильмдердің көрсетілімі басталды

Ең алғашқы болып ҚР Президенті Н. Назарбаевтың балалығы мен жастық шағы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» көрсетілді. Одан кейін «Көшпенділер» тарихи киносы, «Қыз Жібек» классикалық эпосы, «Бәйтерек» патриоттық фильмі және «Тақиялы періште» музыкалық комедиялық фильмі, сондай-ақ Қазақстан туралы 10 деректі фильм жұрт назарына ұсынылмақ.

«Канал Т» телевизиялық арнасы Түркиямен қатар, Еуропа елдеріне, Солтүстік Африкаға және Орталық Азияға тарайды.


Тегтер:

қазақ киносы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!