«Astana Ballet» биыл Франция, Австрия, Ресей, Түркия, Корея елдерінде концерт бермек

Фотография - «Astana Ballet» биыл Франция, Австрия, Ресей, Түркия, Корея елдерінде концерт бермек

22 0

«Astana Ballet» Мемлекеттік театры биылғы гастрольдік сапарын Өскемен қаласынан бастайды.

Ұжым екі күн ішінде қала тұрғындарына әлемге әйгілі үздік хореографиялық туындыларды ұсынады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.

Гастрольдік сапар барысында қазақ, түрік, үнді, қытай, сонымен қатар әлемдік классика жауһарлары - Римский-Корсаковтың «Шехерезадасы»,  К. Караевтың «Семь красавиц»,  А. Бородинның «Половецкие пляски» би қойылымдары орындалады. Сонымен бірге, көрермен назарына өзгеше қойылған хореографиялық композициялар ұсынылады. Оның ішінде жаңаша қойылған «Карлығаш», «Қыз Жібек», «Кұс жолы» ұлттық қазақ билері бар. Би қойылымдарында А. Бородин, Н. Римский-Корсаков, К. Караев, К. Дженкинс, Е. Брусиловский, Е. Құсайынов, А. Әліпбекұлының музыкасы қолданылды.

2014 жылы «Astana Ballet» мемлекеттік театры Алматы, Шымкент, Тараз, Астана қалалары мен Франция, Австрия, Ресей, Түркия, Корея және т.б. шет елдерде концерт беруді жоспарлап отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!