Облыс әкімдерінің мәдениет саласына жауапты орынбасарлары театрға мүлдем бармайды

Фотография - Облыс әкімдерінің мәдениет саласына жауапты орынбасарлары театрға мүлдем бармайды

17 0

Облыс әкімдерінің мәдениет саласына жауапты орынбасарлары мүлдем театрға бармайды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.

«Театр кадрларын даярлау мәселесінде келгенде облыстық, тіпті республикалық театр басшылары да ілкімділік танытулары керек. «Болашақ» бағдарламасы бойынша арнайы квота бөлінгеніне қарамастан бірден-бір облыстық театрдан ұсыныс келіп түскен жоқ», - деді ол.

Сондықтан да министр театр басшыларына бұл мәселеге ерекше мән беріп, басты назарда ұстауды тапсырды.

«Ынта-ықылас дегеннен шығады. Кейбір облыс басшыларын былай қойғанда, олардың осы салаға жауапты орынбасарлары жылына бір рет театр премьерасына қатыспайтыны туралы фактілер де өте жиі кездесетіндігін өкінішпен айтуға мәжбүрмін», - деді М.Құл-Мұхаммед.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!