Ш.Айманов фильмдері жаңғыртылып, сандық тасымалдағышта жарық көреді

Фотография - Ш.Айманов фильмдері жаңғыртылып, сандық тасымалдағышта жарық көреді

19 0

«Қазақфильм» киностудиясы ағымдағы жылы Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойы аясында кинорежиссердің фильмдерін жаңғыртып, сандық тасымалдағышта жарыққа шығармақ. Бұл жайында киностудияның ресми сайты хабарлады.

Көрнекті кинорежиссердің мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралар бағдарламасында кітаптар, эсселер мен монографиялар, Ш.Аймановтың сөйлеген сөздері жазылған дискі бар фотоальбом шығару, оның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм түсіру және түсірген фильмдерін жаңғыртып, сандық тасымалдағышта жарыққа шығару көзделген.

Сонымен қатар қыркүйек айында даңқты режиссердің 100 жылдық мерейтойы аясында өтетін «Еуразия» Х халықаралық кинофестивалі барысында түсірген фильмдерін көрсетіп, «Қазақфильм» киностудиясында Ш.Айманов атындағы Қазақ киносы мұражайын ашу жоспаранып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!