549

Белгілі «Мафия» ойынынан фильм жасалады

Фотография - Белгілі «Мафия» ойынынан фильм жасалады

Ресей режиссері Сарик Андреасян "Мафия" фантастикалық фильмінің түсірілімін бастады. Кинотуындыға көпшілікке белгілі "Мафия" атты психологиялық ойын арқау болған.

3D форматпен түсірілетін фильм Enjoy Movies және Renovatio Entertainment кинокомпанияларының ең қымбат жобасы болып отыр. Рөлдерді Виктор Вержбицкий, Вениамин Смехов, Юрий Чурсин, Вячеслав Разбегаев, Ольга Тумайкина, Карэн Бадалов, Андрей Чадов және т.б. актерлер сомдайды.

Фильмнің сюжеті бойынша, "Мафия" ойынының танымалдығы артып, телевизиялық шоуға айналады. Бір қызығы - бұл ойында шеттетілгендер шынымен өлтіріледі.

Фильмнің премьерасы 2015 жылға жоспарланған.

Загрузка...