532

Шакира Фэйсбукте рекорд орнатты

Фотография - Шакира Фэйсбукте рекорд орнатты

Колумбиялық поп-әнші Шакираның Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі оқырмандарының саны 100 миллионға жетті деп хабарлайды AFP.

Ол өзінің басты қарсыластары Эминем (91,9 млн оқырман) мен Рианнаны (89 млн оқырман) басып озған.

Айта кетейік, Шакираның әлеуметтік желідегі белсенділігі әсіресе, кешегі футболдан Бразилияда өткен Әлем чемпионатында арта түсті. Оның Рио-де-Жанейродағы "Маракана" стадионында түскен бір суретінің өзі 3,5 млн "лайк" жинаған.

Ал, аталған мундиальдың жабылу салтанатында әнші La la la (Brazil 2014) әнін орындады.

Аталған әлеуметтік желіде мұншама оқырман жинаған әлі бірде-бір адам жоқ. Осыған байланысты Facebook компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Марк Цукерберг Шакираны жаңа рекордымен құттықтады.

Загрузка...