Абай музейіне «Интермузей-2014» дипломы тапсырылды

Фотография - Абай музейіне «Интермузей-2014» дипломы тапсырылды

Ресей Федерациясы Бас консулдығының вице-консулы С.В.Шимко арнайы Семейге сапары кезінде Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің басшысы Жандос Әубәкірге XVI Халықаралық «Интермузей-2014» фестивалі дипломын салтанатты түрде тапсырды.

421 0

Ресей Федерациясы Бас консулдығының вице-консулы С.В.Шимко арнайы Семейге сапары кезінде Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің басшысы Жандос Әубәкірге XVI Халықаралық «Интермузей-2014» фестивалі дипломын салтанатты түрде тапсырды. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Интермузей» фестивалі музей ісінің, музей қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін шыңдауын мақсат тұтқан шара ретінде кеңінен танылды. Осы фестиваль арқылы музей саласындағы дәстүр мен жаңа үрдістер, жиналған тәжірибе мен жаңа технологиялармен танысуға болады.

Соңғы кездегі «Интермузей» жобасының тұжырымдамасы фестивальдің халықаралық сипатқа ие болып, музейлер қауымдастығы арасындағы байланыстарды нығайтуды, оның ішінде ТМД елдеріндегі музейлер қызметін қоғамдағы құбылыстарға ықпалдастыру арқылы жүргізуді басты мақсат етіп келеді.

Ресей мәдениет министрлігінің ұйымдастыру комитетінің арнайы шақыруымен Абай музейі «Интермузей-2014» фестиваліне қатысу мәртебесіне ие болды.

Айта өтейік, аталған музейде Абай заманындағы тарихи жәдігерлерді сипаттайтын экспозиция ұйымдастырылған. Ол ұлы ақын ойшылдың өмірінің соңғы он жылына куә асыл мұралар қатарын толықтырып келеді. Жидебай кезеңі Абай шығармашылығының аса өнімді жылдары. Бұл он жыл ішінде 75-76 өлеңі, Лермонтов пен Крыловтан 25-26 аударма, 27 қара сөзі және екі әні дүниеге келген. Қазақтың әмеңгерлік салты бойынша жесір қалған Еркежанды әркімнің қыспағынан құтқару мақсатында Жидебайға көшіп келіп, онда өмірінің аяғына дейін тұрады. 1895 жылы ақын өз жоспары бойынша үйді қайтадан салғызады. Кейіннен Абайдың үйінде қызыл кітапхана орналастырылды. 1945 жылы Абайдың туғанына 100 толуына орай қыстақ музей-үйі болып ұйымдастырылған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?