535

Фариза Оңғарсынова атындағы интернет-байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында әдеби байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
Фотография - Фариза Оңғарсынова атындағы интернет-байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында әдеби байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп жазады adebiportal.kz.

25 желтоқсан - қазақтың бағына туған ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, поэзия падишасы - Фариза Оңғарсынованың дүниеге келген күні. Айбарлы ақынның туғанына биыл 75 жыл. Осыған орай «Әдебиет порталы» Фариза Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І республикалық интернет-байқауын ұйымдастырған еді. 

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында әдеби байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, елордалық ақын-жазушылар, әдебиетсүйер жастар, байқау қатысушылары мен жеңімпаздары қатысты. Фариза Оңғарсынова атындағы алғашқы интернет-байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге тарта туынды тапсырылып, оның ішінде 100 бейне және аудио шығармалар қазылар алқасына ұсынылды. Байқауға қатыстырылған жұмыстарға елімізге белгілі қаламгерлер - Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, Қалқаман Сарин, Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Бауыржан Қарағызұлы сынды ақындар қазылық жасап, жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздардың бағалы жүлделерін Фариза Оңғарсынованың ұрпақтары ұсынды. 

Бас жүлде иегері Алматы қаласынан Назерке Өрқара атанды. Ал І-ші орынға Рауан Оқас (Алматы), ІІ-ші орынға Ақелік Мұрат (Астана қаласы), ІІІ-ші орынға Әлия Іңкәрбек (Алматы қаласы) пен Құралай Жұмахан (Астана қаласы) лайық деп танылды. Сондай-ақ астаналықтар Орынбүбі Итанова мен Аяжан Бейбітова порталдың арнайы жүлдесін иеленді. Ақын Оңайгүл Тұржанның «Тұмар» журналының атынан арнайы жүлдесіне Нұрғазар Серікбекқызы лайық деп танылды. Ақын Жанат Әскербекқызының арнайы жүлдесін Нұргүл Әбсадықова (Шымкент қаласы) мен Нұрзат Ақжалбекқызы иеленді. Ал ақын Қалқаман Сариннің арнайы жүлдесі астаналық Мадияр Жақып алды.

Загрузка...