Алматыда опера жұлдызы Роберто Аланья өнер көрсетеді

Фотография - Алматыда опера жұлдызы Роберто Аланья өнер көрсетеді

Әлемге әйгілі тенор, опера жұлдызы Роберто Аланья Қазақстанға келмек.

6440 0

 Әлемге әйгілі тенор, опера жұлдызы Роберто Аланья Қазақстанға келмек.

Әнші 27 маусымда Алматыда өтетін VII Opera Ball мәдени мерекесіне қатысады. Бұл туралы ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Әлемдік операның белгілі тұлғасы Лучано Паваротти оны өз ісінің үздігі деп бағалаған болатын.

Әртістің менеджментімен келісім 2009 жылдан бері жалғасып келеді.  Оның гастрольдік кестесі бірнеше жылға жазылып қойған екен.  Роберто Аланья 2014 жылғы The Opera Ball Award жүлдесінің иегері Мария Мудрякпен бірге бірнеше белгілі арияларды шырқайды деп күтілуде.

The Opera Ball фестивалі 2007 жылдан бері Алматыда өткізіліп келеді. Мұнда опера саңлақтары Нейл Шикофф, Лара Фабиан, Дмитрий Хворостовский, Суми Чо өнер көрсеткен.

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?