477

Америкалық киносыншылар 2014 жылдың үздік фильмін атады

АҚШ киносыншыларының ұлттық қоғамы франк-швейцариялық режиссер Жан-Люк Годардың «Прощай, речь» атты драмасын өткен жылдың үздік картинасы ретінде таныды.
Фотография - Америкалық киносыншылар 2014 жылдың үздік фильмін атады

АҚШ киносыншыларының ұлттық қоғамы франк-швейцариялық режиссер Жан-Люк Годардың «Прощай, речь» атты драмасын өткен жылдың үздік картинасы ретінде таныды.

84 жастағы режиссердің фильмі 3D форматында орындалып, күйеуге шыққан әйел, жалғызбасты ер адам және ит туралы баяндайды.

Ал Тимоти Сполл 2014 жылдың үздік актері атағына ие болды. Ол режиссер Майкл Лидің «Уильям Тернер» атты өмірбаяндық фильмінде басты рөлді сомдаған. Үздік актриса болып Бельгия режиссерлері Жан-Пьер және Люк Дардендердің «Два дня, одна ночь» атты кинотуындысына түскен франциялық Марион Котийяр аталды.

«Отрочество» фильмін түсірген Ричард Линклейтер үздік режиссер атағына ие болды. Үздік сценарий үшін награданы Уэс Андерсон («Гранд Будапешт» отелі») иеленді.

Қоғамның нұсқасы бойынша, 2014 жылы Лора Пойтрас түсірген «Гражданин четыре» үздік деректі фильм болып танылды. Бұл туынды оның Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнен алған сұхбатына негізделіп түсірілген, деп жазады шетелдік БАҚ. 

ҚазАқпарат

Загрузка...