603

Сәкен Майғазиев жеке концертін бермекші

Әнші Сәкен Майғазиев көрермендеріне тосын сый әзірлеп жатыр. «Музарт» әншісі 8 наурыз күні өзінің жеке шығармашылық кешін өткізеді
Фотография - Сәкен Майғазиев жеке концертін бермекші

Әнші Сәкен Майғазиев көрермендеріне тосын сый әзірлеп жатыр. «Музарт» әншісі 8 наурыз күні өзінің жеке шығармашылық кешін өткізеді. Бұл туралы baistars порталы хабарлады. 

Халықаралық арулар мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан концерт әзірге «Қыз-қызғалдақ» деп аталады. Бірақ, атау өзгеруі де мүмкін дейді әнішінің көмекшілері.

Кеш Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді деп жоспарлануда. Бұл - Сәкен Майғазиевтің өзінің шығармашылығына арналған және Музарт ансамблінен бөлек ұйымдастырылып жатқан алғашқы концерті. Мұндай жаңалықты әншінің өзі әлі әлеуметтік желі арқылы да, көгілдір экран арқылы да жариялаған жоқ. Әзірге тек үлкен кешке қызу дайындық жүргізілуде екенін білдірген. 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...