Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті

Фотография - Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

543 0

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының 2014 жылғы жеңімпазы Балғынбек Имашевқа жеңіл автокөліктің кілті табыс етіліп, осы айтыста  І орын алған Жандарбек Бұлғақовқа 1 млн. тг. қаржылай сыйақы берілді.

Кездесу барысында облыс әкімі А.Баталов алдағы уақытта мәдениет саласында ауқымды жұмыстардың атқарылатындығын мәлімдеді.

-.Кітапхана - біздің байлығымыз, біздің тарихымыз. Сол үшін де қаламызда жаңа үлгідегі кітапхана салу мәселесіде ойымызда бар. Мәдениет саласында жұмыс істеп жүрген жас актерлерді де жеке тұрғын үймен қамту мәселесін қолға алатын боламыз. Театрға қосымша штаттық бірлік беру, өңірде Дәне Рақышев атындағы музыка сыныбын ашуды, жұмыс істеп тұрған өнер мектебіне ғимарат салуға мүмкіндігінше қолдау көрсетілетін болады. Бұдан басқа елді мекендердегі жекешеленіп кеткен мәдениет үйлерін мемлекетке қайтару жөніндегі жұмыстарды жүйелі жүргізуді өңір әкімдеріне тапсырамын, - деп мәлімдеді А.Баталов өзінің сөзінде.

Сонымен қатар, облыс әкімі мәдениет саласында қордаланып қалған мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, өнер ұжымдарының сахналық киімдері мен шығармашылық жұмыстарына кеңінен тоқталды. Ауылдық елді мекендерде халықтық ұжымдарды дамыту мен келер ұрпақты мәдени өсірудің тиімді жолдарын қарастыру мәселері сөз болды.

Жиында, театр, мәдениет үйлерінің өкілдері, жазушылар мен кітапхана қызметкерлері сөз алып, өздерінің ойларымен бөлісті.

Мәдениет саласындағы сан жылғы елеулі еңбектері үшін бірқатар азаматтарға облыс әкімінің «Құрмет грамотасы», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  «Мәдениет саласының үздігі» және «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгілері табысталды.

Шара барысында мәдениет саласындағы жұмыстардың өсу деңгейін көрсететін көрме ұйымдастырылып, арнайы бейнеролик көрермендер назарына ұсынылды.

Жиынға аудан, қала әкімдері, аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің  басшылары, аудандық мәдениет үйлерінің директорлары мен көркемдік жетекшілері, аудандық кітапхана директорлары мен әдіскерлері, музейлер мен мұрағат директорлары қатысты.

 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?