«Карло Феличе» сахнасындағы «Астана Операның» өнерін әлемнің қырық елі көрсетеді (Сурет)

Фотография - «Карло Феличе» сахнасындағы «Астана Операның» өнерін әлемнің қырық елі көрсетеді (Сурет)

«Карло Феличе» сахнасында қазақстандық «Астана Опера» театрының гастроліне орай баспасөз мәслихаты өтті.

1212 0

«Карло Феличе» театрында қазақстандық «Астана Опера» театрының гастроліне орай баспасөз мәслихаты өтті. Генуяның үздік бұқаралық ақпарат құралдары елордалық труппаға үлкен қызығушылық танытты.

Баспасөз мәслихаты барысында өте көп сұрақ көтерілді. Журналисттер «Астана Опера» театры солисттерінің өте жас екендігін атап өтті. Олар Юрий Григоровичтің «Спартак» балетін билегендеріне қанша болғанын да сұрап жатты.

- Астанада бұл спектакльдің тұсаукесері өткен жылдың маусымында өтті, - деп жауап қатты «Астана Опера балетінің көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев. – Бишілер құрамын маэстроның өзі іріктеді. Шебер солисттердің жасына емес, орындау шеберлігіне қарайды деп есептеймін. 2007 жылы Мәдина Баспаева Romo сыйлығының лауреаты атанғанын айта кетейін. Жастығына қарамастан, олар кәсіптік тұрғыдан алғанда айтарлықтай жетілген.

БАҚ өкілдері қазақстандық би мәнерін, орындау ерекшелігін нақты не сипаттайтынына қызықты. Сонымен қатар олар солисттердің «Спартактағы» асқан зор күш-қуатты сезе ме екендігін білгілері келді.

- Қазақ балеті орыс мектебінен бастау алады, бүгінгі классикалық балеттегі барлық үрдіс қазақ балетінде де бар. Біздің солисттердің орындауындағы басты ерекшелік – олардың эмоциялық күшінде, актерлық шеберлігінде. Техникаға келсек, Бақтияр Адамжан секіргенде екі метрге дейін жетеді. Біздің әртістеріміз техникалық жағынан жақсы машықтанған, көрерменді ырқына жығатын дарындылық та бойларынан табылады. Балет – жастардың өнері, өзіңді сахнада көрсету үшін берілетін 20 жыл – бұл тым аз. Бүгінгі кештен барлығыңыз да ләззат аласыздар деп ойлаймын.

Баспасөз мәслихаты барысында шетелдік ақпарат өкілдері «Астана Опера» театры, оның әлемнің көптеген театрларымен серіктестігі жайлы ақпараттан сусындады. Сол өнер ордаларының ішінде «Карло Феличе» де бар, нақтырақ айтсақ, театрдың арт-директоры, «Астана Опера» театрында «Ромео мен Джульетта» спектаклінің тұсаукесерінде дирижерлық еткен маэстро Джузеппе Аквавивамен серіктестік жалғасуда. Журналисттер елордалық театрдың жақында өткен Әлемдік сапары жайында хабардар. Олар жас театрдың репертуарында қанша спектакль барын анықтады. Сондай-ақ сөз шеберлері Қазақстанда өтетін Expo 2017 көрмесі жайлы сұрақтарын жаудырды.

Баспасөз өкілдеріне бүгін «Карло Феличе» театрының Басты фойесінде алдағы Expo 2017 жайлы экспозициялар қойылатыны хабарланды. Мұнымен қатар көрме өтетін жылы «Астана Опера» театрында Ла Скала және Метрополитен-опера сияқты әлемдік опера және балет театрлары өнер көрсетеді деп күтілуде, «Карло Феличе» әкімшілігі де алдын ала бұл шараға қатысатындарына келісімдерін білдірді.

«Астана Опера» театрының Генуядағы өнер көрсеткені әлемнің қырық еліне тікелей эфирде таратылатынын атап өткен маңызды. Италиядағы «Спартак» балетін 21 қаңтарда 20:30 (Астанада 22 қаңтарда сағ. 01:30) және «Гала» бағдарламасын 23 қаңтарда 20:30 (Астанада 24 қаңтарда сағ. 01:30) http://Www.streamingcarlofelice.com сілтемесі бойынша тамашалауға болады.Қазақстанда трансляцияны «Астана Опера» театрының ақпараттық серіктесі Тенгри Ньюс өзінің http://tengrinews.kz/tv/ сайты арқылы, сондай-ақ шараны театрдың http://astanaopera.kz/ сайтынан көре аласыздар.

 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?