894

Әсемдік пен батылдық бір сахнада тоғысады

Көпшіліктің ең сүйікті жанрларының бірі романс деуге болады. Көрерменмен тек жүректің тілінде сөйлейтін ол, тыңдарманын сырттан бақылаушы етіп қана қоймай, шығармашылық процесіне бойлатып келе жатқанына бірнеше ғасырдың жүзі болды.
Фотография - Әсемдік пен батылдық бір сахнада тоғысады

Көпшіліктің ең сүйікті жанрларының бірі романс деуге болады. Көрерменмен тек жүректің тілінде сөйлейтін ол, тыңдарманын сырттан бақылаушы етіп қана қоймай, шығармашылық процесіне бойлатып келе жатқанына бірнеше ғасырдың жүзі болды. «Вальстің тамаша дыбысы әлі есімде» атты классикалық романстар концертін ұйымдастырушылар, көңіл толқынына қосылып, сезімге терең батқысы келетіндерді «Астана Операның» Камералық залына 23 қаңтарға шақырады.

Жарқыраған дуэт - Елена Низамутдинова мен Болат Есімхановтың орындауындағы көне романстар тыңдарман жүрегінің түбінде жатқан сезімдерді көтереді. Профессор Бибігүл Төлегенованың шәкірті, халықаралық сопрано конкурстарының лауреаты Елена Низамутдинова 2014 жылы «Астана Опера» театрының труппасын толықтырды. Елордалық опера солистінің репертуарындағы партиялар: «Аида» операсында Аида, «Травиатадағы» Виолетта, «Евгений Онегинде» Татьяна және басқалары. РФ Халық әртісі, профессор Б. Кудрявцевтің шәкірті, халықаралық конкурстардың лауреаты, бас Болат Есімхановопера тыңдармандары арасында танымал, алайда, бұл аталған дуэттің алғашқы жеке концерті. Оның репертуарында, В.А. Моцарттың «Серальдегі алып қашу» операсынан Осмин; Дж.Вердидің «Аида» операсындағы Мысыр патшасы; Дж. Вердидің «Риголетто» операсында Спарафучиле; Дж. Вердидің «Трубадур» операсында Феррандо және басқа да көптеген партиялар бар.

Романс жанрын «ескі» деуге бола ма деген сұраққа «Астана Опера» театрының музыкалық кеңесшісі Раушан Бескемпірованың айтқаны:

– Аталған концерт тек аға буынға ғана емес, жас тыңдарманға да қызықты болады деп ойлаймын. Алдыңғы ғасыр ағымдағы дәуірдің айнасындай болады, себебі сүю, қайғыру, уайымдау, және, әрине, қуану қай заманда болса да, адам баласына тән. Концертмейстер, Елена Низамутдинова мен Болат Есімхановтың романстарды ерекше сезетінін, олардың дауысы осы музыкалық жауһарларды орындауға мүмкіндік беретінін айтады.

Кеште көрнекті композиторлар: М. Глинка, П. Булахов, А. Верстовский, Н. Листов және басқалардың шығармалары шырқалады.

- Барлық туындыларды біріктіретін біз ұсынған ортақ тақырып – бұл махаббат, мейлі ол жауапты, мейлі жауапсыз болсын. Әр романста ол әрқалай ашылады, музыка адам баласының сезімі мен уайым-қайғысын нәзік жеткізеді. Күллі дүние махаббаттан құралған. Әрине, біз барлық қонақтарымызға тыныштық, бақыт және жалындаған махаббат тілейміз, - дейді Елена Низамутдинова. Болат Есимханов басқа арналған репертуардан романстар шырқайтынын айтады. – Тыңдарман бұл музыкалық туындыларды Федор Шаляпин, Борис Штоколов, Артур Эйзеннің орындауында естіген. Әрине, біз орындаудың классикалық қағидаларын ұстанамыз, әйтсе де, біз өз мәнерімізге салып оқып шығамыз. Маған бәрінен де «Күдік», «Естеліктерді қозғама», «Жұлдызым менің, лаула, лаула» романстары жақын.

Концертке қатысатындар: Республикалық конкурстардың лауреаты Сапаров Жәнібек (гитара); Президент оркестрінің солисті Жібек Са парғалиева (флейта); Әйгерім Ерғалиева (скрипка); Зауыр Сапараев (виолончель).

Концертті жүргізетін – Сәуле Мәулетова, концертмейстер – халықаралық конкурстардың лауреаты Раушан Бескемпірова.

Концерттің басталуы 19:00, билеттің бағасы 1 500 теңге.

Загрузка...