475

Бір күнде түсірілген «Бастау» фильмі халықаралық фестивальде жоғары бағалануда

Қысқаметражды «Бастау» фильмі 19 бен 23 қаңтар аралығында Иранда өткен VIII халықаралық Varesh Int’l Filmfestival кинофестивалінде «Үздік эксперименттік кино» атанды.
Фотография - Бір күнде түсірілген «Бастау» фильмі халықаралық фестивальде жоғары бағалануда

Қысқаметражды «Бастау» фильмі 19 бен 23 қаңтар аралығында Иранда өткен VIII халықаралық Varesh Int’l Filmfestival кинофестивалінде «Үздік эксперименттік кино» атанды.

Картинаның режиссеры Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының докторонтура студенті Шәрипа Оразбаева. Аталмыш қысқаметражды фильмнің тұсаукесері 66-шы халықаралық Канн кинофестивалінде өткендігін айта кеткен жөн. Одан кейін «Бастау» фильмі Башқұртстанда өткен «Акбузат» халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінің бағдарламасына енген. Сонымен қатар Арменияда өткен «Бұл мен» VIII халықаралық жастар кинофестиваліне қатысып, «Үздік картина» санатындағы басты жүлдені иеленген.

«Бастау» фильмі ежелгі гректердің Сизиф туралы аңызының желісі бойынша түсірілген. Басты кейіпкер жансыз шөл даланы суғару үшін ұзақ жолды велосипедпен жүріп өтеді...

Қысқаметражды фильмдегі басты рөлді Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінің бас кейіпкері Ерболат Тоғызақов тегін ойнап берген. Киноның түсірілімі небәрі бір күнде Алматы облысының Ұзынағаш ауылының маңында түсірілген.

 

 

 

baq.kz сайтынан

Загрузка...