592

Мария Мудряк қайырымдылық концертін береді

Мария Мудряк Жеңістің 70 жылдығына орай Алматы және Астана қалаларында қайырымдылық концертін береді.
Фотография - Мария Мудряк қайырымдылық концертін береді

Мария Мудряк Жеңістің 70 жылдығына орай Алматы және Астана қалаларында қайырымдылық концертін береді, деп хабарлады Қазақстан ұлттық арнасы.

 Қазіргі таңда Алматы және Астана қалаларының әкімдіктерінде Италияда білім алып жүрген жерлесіміз, талантты опера әншісі Мария Мудряктың Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған «Песни военных лет» атты қайырымдылық концертін өткізу туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұл жөнінде әнші «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жария етті.

«Шығармашылық кешті өткізуге Алматы қаласының әкімдігі келісімін берді. Менің екі атам Николай Мудряк және Генрих Маркевич соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен», - дейді Мария.

Еске сала кетейік, Мария Мудряк Миланда өткен халықаралық опера байқауына қатысып, 19 жасында финалистер қатарында бірден үш жүлдені жеңіп алған.

Загрузка...