Тимур Бекмамбетов көрермендерді тағы да таңқалдырмақ (ВИДЕО)

Фотография - Тимур Бекмамбетов көрермендерді тағы да таңқалдырмақ (ВИДЕО)

Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов жаңа хоррор фильм түсірді.

645 0

Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов жаңа хоррор фильм түсірді, дер хабарлайды baistars.kz. Фильмдегі барлық оқиғалар компьютер экранында Skype арқылы 80 минутта болған. Фильмнің трейлерін You Tube желісінде 4 миллионнан астам адам көріп үлгерді. Бұрынырақ Тимур Бекмамбетов барлық іс-әрекеттері тек компьютер экраны арқылы жүретін фильм түсіруді жоспарлап, армандап жүргенін айтқан болатын. Бірақ ешкім 80 минут бойы экранда болып жатқан нәрсені қорқынышпен қарау мүмкін екеніне сенген жоқ. Режиссер кейіннен әріптестерін жинап, кино саласында жаңаша қырды ашты. Тимур Бекмамбетовпен қатар американдық Джейсон Блум атты азамат та киноның режиссері. Джейсон Блум «Паранормальное явление», «Астрал», «Синистер» сияқты атақты хоррор фильмдердің режиссері. Фильмнің әлемдік премьерасы «Unfriended» канадалық Монреалда болған «Fantasia» жанрлық киносының фестивалінде өтті. Онда фильм арнайы техникалық шешімдерден өтіп, көрермендердің «За самый инновационный фильм» атағына ие болды.
Фильм желісі қайтыс болып кеткен қыз жайлы. Skype арқылы сөйлесіп отырған алты досқа бір сәтте түсініксіз жетінші адам қосылады. Негізгі желі осы жерден басталады.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?