Қазақстанда театрлар репертуарларын қаржыландыру өзгермейді - А. Мұхамедиұлы

Фотография - Қазақстанда театрлар репертуарларын қаржыландыру өзгермейді - А. Мұхамедиұлы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі құрылыс және жөндеу жұмыстары саласында ғана шығыстарды оңтайландырады

426 0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі құрылыс және жөндеу жұмыстары саласында ғана шығыстарды оңтайландырады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Әлемдегі экономикалық дағдарысқа байланысты көптеген жерлерде қаржыны оңтайландыру жүріп жатыр. Мәдениет саласында негізінен құрылыс пен жөндеу бағытында үнемделуде. Атап айтқанда, репертуарға, спектакльдерді қоюға, шығармаларды жазуға, әлеуметтік бағдарламалар бойынша кітаптарды басып шығаруда қаржыландыру өзгерген жоқ»,-деді министр.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?