1375
1

Танымал продюсер Баян Есентаева өзін қазақ тілін білмегені үшін сынағандарға жауап берді

Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева өзін қазақ тілін білмегені үшін сынағандарға әлеуметтік желілер арқылы жауап берді.
Фотография - Танымал продюсер Баян Есентаева өзін қазақ тілін білмегені үшін сынағандарға жауап берді

Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева өзін қазақ тілін білмегені үшін сынағандарға әлеуметтік желілер арқылы жауап берді. 

«Туған тілімді білмегенім үшін жиі сын естимін. Иә, дәл солай, мен орыс тілінде ойлаймын, орыс балабақшасына бардым, орыс мектебін бітірдім, ол кезде қалада тек бір ғана қазақ мектебі бар болатын, бірақ ол ақталғаным емес, ақталғым келмейді де! Мен өзіме сын айтатындардан, менен қай жеріңіз жақсы, өз халқыңыз бен еліңіз үшін не істедіңіздер? деп сұрағым келеді. Тек қана қазақша сөйлегеніңіз үшін өздеріңізді нағыз қазақ ретінде санауға кім құқық берді? Мен - қазақпын! Жүрегім қазақ! Жаным қазақ! Істеген істерімнің барлығы, біріншіден, қазақ тілін, мәдениетін және шығармашылығын дамыту үшін жасалады», - деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында. 

Өз сөздерін растау үшін ол «Қазақ аруы» байқауының өткізілуін мысалға келтірді. 

«Қазір мен орысша сөйлесем де «Қазақ аруы» байқауын дайындап жүрмін. Бұл жоба ең біріншіден, қазақ халқының тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін дамытуға бағытталған! Мен ештеңеден ұялмаймын! Мен Қазақстанды, біздің көпұлтты елімізде тұратын адамдардың барлығын жақсы көремін! Барлығыңызға жақсылық тілеймін!», - деп түйіндеді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, Баян Есентаева танымал «КешYOU» және «Лашын» топтарының, сондай-ақ Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева және Әнел Арынованың продюсері болып табылады. Қазақстандықтарға ол телехикаялардың актрисасы мен продюсері ретінде де танымал.

Загрузка...
  • Айбике
    Керемет.Дұрыс айтасыз