Балғынбек Имаш: ол заманда көлік тігілсе олар да көлікке айтысар еді

Фотография - Балғынбек Имаш: ол заманда көлік тігілсе олар да көлікке айтысар еді

Ол заманда көлік тігілсе олар да көлікке айтысар еді. Бұл заманда құмыра тігілсе, біз де құмыраға айтысар ма едік. Мәселе онда емес.

644 0

Осы айтыстың жүлдесі қандай екен деп бірде-бір ақын сұрамайды. «Кім жеңді?», «Бас бәйгеге не тігіпті?» деген халықтың өзінің сұрағы ол. Жұртқа көбіне дүниеауи нәрселер көбірек қызық болып тұрған шақ қой. Не алғаны, қанша алғаны, оны қайда жұмсағаны деген сияқты. Ал ол айтыста кім нешінші орын алды, не себептен алды, қандай сөздер айтылды, қандай ерекшелігіне байланысты сол жүлде берілді деген секілді пайдалы, елге рухани керек мәселеге көп назар аударыла бермейді. Жаңағы төңіректен аспайды.

Алдыңғы толқын аға-апаларымыз жастарға көп сын айтып жатады. «Машина көп тігіліп кетті, кезінде біз құмыра мен қол сағатқа, кілемге, мақтау қағазына айтысатын едік», деп өкпесін айтады. Ол заманда көлік тігілсе олар да көлікке айтысар еді. Бұл заманда құмыра тігілсе, біз де құмыраға айтысар ма едік. Мәселе онда емес.

Енді қазіргі жастардың ізденімпаздығы деген кезде кейбір нәрселерге көңілің толып, кейбір нәрселер шынында кемшін болып жатқанын байқаймыз. Біздегі бір қасиет қой, сынасақ жерге кіргізіп, мақтасақ аспанға шығарып жібереміз. Кемшілігі де бар, жетістігі де бар. Осыны талдап-тара¬зылап айтып отыратын сыншылар аз. Таза сын айтатын, сыни мақалалар жазатындар жоққа жуық.

Тоқсаныншы, екі мыңыншы жылдардың ортасында үлкен ағалар, Рабиға Сыздық бастаған ғалымдар әр айтысқа баға беріп, айтыс өткеннен кейін қызу тал¬қыланып, тіпті «Егемен Қазақстан» секіл¬ді іргелі баспасөз бетінде бұрқ-сарқ қайнап, үлкен жаңалыққа айналып жататын. Қазір жеңімпаздардың суретін жариялаудан аспай қалдық.

 

 

bnews.kz сайтынан

 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?