«Астана Опера» махаббат жайлы қойылым ұсынады

Фотография - «Астана Опера» махаббат жайлы қойылым ұсынады

13 ақпан күні "Валентин күні" қарсаңында «Астана Опера» театрының Камералық залында «Бәрі махаббат жайлы» атты концерт өтеді.

872 0

13 ақпан күні "Валентин күні" қарсаңында «Астана Опера» театрының Камералық залында «Бәрі махаббат жайлы» атты концерт өтеді. 

Махаббат – шығармашылық адамдары – музыканттар, ақындар, суретшілер үшін берекелі тақырып. Олардың туындыларында қыруар сезім, сол сезімге тән: қуаныш пен шаттықтан бастап, қызғаныш пен ызаға дейін кездеседі. Концерттің авторы Ирина Кургузкина бағдарламаға түрлі ғасырлар мен жанрлардың музыкалық шығармалары енгізілгенін атап өтті. «Осы бір тамаша кеште тыңдарманға Ф. Лист, Р. Шуман, П. Чайковский, Г. Свиридов, А. Бабаджанян және Э. Григтің музыкасынан рақатқа бөленуді ұсынамыз. Концертте орындалатын туындылар әртүрлі тілде орындалады, алайда музыка аударманы қажет етпейді, ол онсыз да жүрекке жетімді, - дейді концертмейстер Ирина Кургузкина.

Тыңдарманға мереке сыйлап, оларды өздерімен бірге күліп, уайымдауға мәжбүр ететін «Астана Опера» театрының солисттері: Айгүл Ниязова, Роза Нұркей (сопрано), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано), Бейімбет Таңарықов, Нарұл Тойкенов (тенорлар), Жанат Шыбықпаев, Ескендір Әбжанов және Қазыбек Досмұхамбетов (баритондар), Артұр Қайыпқұлов (бас). Махаббат музыкасын тағы оркестр солисттері Қаламқас Жұмабаева (скрипка) мен Станислав Омаров (кларнет) орындайды.

Халықаралық конкурстардың лауреаты Қазыбек Досмұхамбетов У. Шекспирдің сонетіне жазылған Д.Б. Кабалевскийдің белгілі «Купидон құдайы» романсын орындайды. «Онда махаббаттың қалай пайда болғаны жайлы сыр шертіледі. Купидон – барша ғашықтар нышаны, аңызға сүйенсек, адамдар тағдыры соның қалауы бойынша қосылып жатады. Сонымен қатар мен Мүслім Магомаевтың репертуарынан А. Бабаджанянның «Рақмет саған» туындысын шырқаймын. Маңызы зор бұл ән ұлы әншіні әлемге әйгілі етті. Мен оның өнеріне табынамын және бұл мен үшін өзінше бір сын болатын ән, аса көрнекті шебердің орындау мәнеріне сәл де болса, жақындай түскім келеді», - дейді әнші.

- Осындай көлемді шығармаларды дүниеге әкелген кезде авторлар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйенген, сол себепті тыңдарман олардың ішінен әруақытта өзіне тән тұсын тауып ала алады. Бәлкім біреу өз іс-әрекетінің дұрыс екендігіне көз жеткізер, ал біреудің ұмыт болған махаббатын жандандырғысы келер. Өнерде тәлім-тәрбие жатыр, ол көптеген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Адам баласының махаббаты шектелмеуі керек, адам өз сезімін емін-еркін білдіруі қажет, сондықтан мен баршаңызға осы жарық сезімді жаныңыздың қараңғы қуысында құрсауда ұстамауларыңызды тілеймін, неге десеңіз, ол бізге жарқын болашаққа деген сенімділік үшін берілген. Бұл адамдардың бір-біріне шыдамдылық танытып, соғысқа қарсы тұруы үшін, сондай-ақ өмірдегі ең қиын-қыстау кезеңдерді бастан аман-есен өткеру үшін берілген қасиет, - деп атап өтті Қазыбек Досмұхамбетов.  

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?