«Үш бойдаққа бір той» фильмі Қырғызстанда көрсетіледі

Мәдениет
1033
Қазақстанда түсірілген «Үш бойдаққа бір той» кинотуындысы енді Қырғызстанда да көрсетілмек.

Қазақстанда түсірілген «Үш бойдаққа бір той» кинотуындысы енді Қырғызстанда да көрсетілмек. Аталған фильм 5 наурызда отандық көрермендер назарына ұсынылған болатын. Комедия бір аптаның ішінде 470 мың доллар табыс тапты.  

Кинокартина сюжеті осыдан 7 жыл бұрын Алматыдан Мәскеуге қашып кеткен Азамат есімді алаяқ бала жайында. Ресей астанасында оны қылмыстық ортаның серкелері ұстап алып, 200 мың АҚШ долларын табуды талап еткен. Ірі көлемдегі қаражатты табу үшін Азамат амал жоқ, Алматыға келуге мәжбүр болады.

Алматыда басты кейіпкер ескі досы Тимурмен кездесіп қалады. Ол Азаматтан өзінің сүйіктісі Әлияны алып қашуға көмек сұрайды. Осы сәттен бастап бұрын алаяқтықпен айналысып келген Азаматтың өмірі күрт өзгеріп, дұрыс арнаға бұрылған болатын. Дегенмен, тойға қызу дайындық жүріп жатқан кезде аяқасты пайда болған "тосын сыйлар" біраз кедергілер келтіріп, екі достың басына үлкен сынақ алып келеді. Фильм Азамат пен Тимурдың осы үлкен тойға дайындықтары жайында.

Айта кетейік, режиссер Асқар Бисембиннің бұл толықметражды алғашқы кинотуындысы. Оның есімі «Папины дочки», «Вузеры», «Бажалар» секілді ресейлік және қазақстандық телесериалдар арқылы елге танылған. Бұл картинада басты ролдерді Нұртас Адамбаев, Аружан Жазылбекова және Дәурен Айдарқұлов сомдайды. Олар көпшілікке"АстанаKZ" КВН командасы арқылы танымал. 

Baq.kz

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить