Журналистерге арналған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауы басталды

Мәдениет
1120
Биыл тұңғыш рет радиожурналистер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты көтерген БАҚ қызметкерлері марапатталады

Биыл тұңғыш рет радиожурналистер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты көтерген БАҚ қызметкерлері марапатталады

«Нұр Сұңқар» – бұл жыл сайынғы дәстүрлі үрдіс – партия мен БАҚ өкілдері арасында әріптестік пен  ынтымақтастықты дамытуға үндейтін ел аумағындағы барлық журналистерге арналып өткізілетін ашық байқау.

Байқау жұмыстарының тақырыбы – партияның аса маңызды бастамаларын, партияның жастар саясатын, партия мен оның филиалдары, маслихаттардағы фракцияларының жұмысын, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының қызметін жария ету.

Өткен жылы еліміздің барлық аймағынан «Нұр Сұңқар» конкурсына қатысуға 221 өтініш келіп түсті. Байқауға Елбасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттерінің іске асырылу барысы, «Қазақстан-2050» стратегиясының басымдықтары, партия Доктринасының ережелері, сондай-ақ партиялық бастамаларды жариялаған журналистердің еңбектері қабылданды. Былтырғы жылы Байқау комиссиясы шараның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 114 жұмысты іріктеп алды.

2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 жылғы 11 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар және де жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және басқалары) қабылданады.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 12 маусымы (алынатын күн). Жеңімпаздар Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында елордамыз – Астана қаласында марапатталады.

Биыл сыйақы тізбегіне радиожурналистер мен жемқорлыққа қарсы тақырыпты көтерген тілшілер үшін жаңа номинация қосылып отыр.

Осылайша, жеңімпаздар 9 номинацияда анықталатын болады:

1)​  «Ерекше пікір» – Ең үздік телевизиялық журналист

2)​ «Сөз шебері» – Ең үздік газет журналисі

3)​ «Медиа-профи» – Ең үздік ақпараттық агенттік журналисі

4)​ «Көзқарас» – Ең үздік блогер

5)​ «Аймақ айнасы» – Ең үздік өңірлік корреспондент

6)​ «Қоғам үні» – Ең үздік радио журналисі

7)​ «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін»

8)​ «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін»

9)​ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік материалдар үшін».

Айта кетейік, былтыр «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданған болатын. Оның мақсаты – бүкіл қоғамда коррупцияның кез келген көрінісіне төзімсіздік ортасын қалыптастыру арқылы халықты жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.

Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Байқау Ережесімен мында танысуға болады: http://www.nurotan.kz/kz/news/9274.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить