8561

Журналисттер жайында түсірілген ең үздік фильмдер

Маусым айының соңғы жексенбісінде қазақстандық журналистер төл мерекесін атап өтеді.
Фотография - Журналисттер жайында түсірілген ең үздік фильмдер

Маусым айының соңғы жексенбісінде қазақстандық журналистер төл мерекесін атап өтеді. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында журналистер туралы әлемнің ең үздік фильмдерін топтап, тізбектеуге тырыстық. Талай кинокартиналарға арқау болған әріптестеріміз туралы бірқатар туындылар бар екен. Жанрлары сан алуан. Саяси триллерден бастап жеңіл комедия да бар арасында.

«День сурка» (Groundhog Day) – фильм экранға 1993 жылы шыққан. Басты рөлдерді Билл Мэрри мен Энди Мак сомдайды. Телеарнада қарапайым ауа райын жүргізуші маманның өміріне қандай өзгеріс керек еді? Кейіпкер өмірден өзін іздейді. Бақыт – өмірге деген сүйіспеншілік екенін жеткізген туынды.

«Римские каникулы» (Roman Holiday) – кинокартина 1953 жылы шыққан. Грегори Пек есімді америкалық журналист Италия астанасында сүйіктісін кездестіріп, ертеңінде оның ханшайым екенін біледі.

 

«Доброй ночи и удачи» (Good Night, and Good Luck) – 2005 жылы көрерменге жол тартқан Джордж Клунидің туындысы. Оқиға желісі танымал тележүргізушінің америкалық саяси жүйеге қарсылығы туралы өрбиді.

 

«Его девушка Пятница» – фильмі 1940 жылы шыққан. Кэри Грант пен Розалин Расселдің еңбегі. Өзінің күйеуі бас редактор болып істейтін басылымның танымал репортері қызметтен кететінін жариялайды. Сүйіктісін оп-оңай жібергісі келмеген бастығы оның карьерасын шыңға көтеруге ықпал еткен тапсырма береді.

 

«Профессия – репортер» (Professione: reporter) – 1975 жылы көрермен назарына ұсынылған Микеланджело Антонионың туындысы. Басты рөлде Джек Николсон ойнайды. Африкаға репортаж жасауға келген журналист шытырман оқиғаға тап болып, көп уақытқа қалып қояды.

 

«Плутовство» (Wag the Dog) – 1997 жылы түсірілген Барри Левинсонның кинокартинасы. Басты рөлдерде Роберт де Ниро мен Дастин Хоффман ойнайды. Киноның басты кейіпкерлері журналистер емес, пиар саласының мамандары. Алайда, туындыда БАҚ саласының бет-бейнесі толықтай ашылады.

«Телесеть» (Network) – 1976 жылғы туынды. Тележүргізушінің тікелей эфирде жүйкесі сыр береді. Бұл оқиға керісінше бағдарламаның рейтингісін айтарлықтай көтеруге ықпал етеді.  

 

«Сенсация» (Scoop) – Вуди Алленнің 2006 жарық көрген туындысы. Джо Стромбел есімді британдық журналист қаза болады.

 

«Народ против Ларри Флинта» (The People vs. Larry Flynt) – 1996 жылы жарыққа шыққан кинокартинада оқиға желісі америкалықтар «Hustler» порножурналын қалай ойлап тауып, сата бастағаны туралы өрбиді.

 

«Вся королевская рать» (All the King’s Men) – 2006 жылы шыққан фильм. Авторлары Шон Пен, Джуд Лоу, Энтони Хопкинсом. Старк атты журналист биліктегі жемқорлық мәселесімен күресемін деп жүріп, күндердің күнінде өзі де жемқорлар қатарына қалай қосылып кеткенін сезбей қалады.

 

«Журналист» – 1967 жылы түсірілген фильм. Кеңестік заманның классикалық туындысы.

 

«Охота на Веронику» (Veronica Guerin) – 2003 жылы шыққан туынды. Трагедиялық туындыда 90-жылдары Ирландияда католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығыста шынайы ақпарат пен құнды деректерге қол жеткізіп, есірткі саудасымен күрес жолында қаза болған журналист туралы фильм.

 

«Свой человек» (The Insider) – 1999 жылғы фильм. Танымал телешоудың продюсері жұмыстан қуылған вице-президентті өтірік ақпаратқа негізделген сұхбат беруге көндіреді.

 

«Знакомьтесь с Джоном Доу» (Meet John Doe) – 1941жылғы кинокартина. Өжет журналист қызметтен қуылғанын біліп, газет бетіне Джона Доу атты жалған есіммен қоғадық саясатты сынаған хат жариялайды.  

 

«Как избавиться от парня за 10 дней» (How to lose a guy in 10 days) 2003 жылғы кинокартина. Махаббат мәселесінде ерлердің ашуын келтіретін қандай мәселе екенін анықтау туралы тапсырма алған журналист жарнама агентімен танысып, ғашық болып қалады.

 

«Спросите Синди» (Good Advice) – 2001 жылы түсірілген кино. Жұмысынан айырылып қалған басты кейіпкер Чарли Шин шарасыздықтан газеттегі әйелдер колонкасын жүргізе бастайды. Алайда, оның арқасында аталмыш газет қаладағы ең беделді басылымға айналады.

 

«День выборов» – 2007 жылы шыққан фильм. Жұмбақ әрі белгісіз кандидат туралы қызықты фильм.

«День радио» – 2003 жылы түсірілген кино. Мәскеудегі танымал радиостанцияның бір күні туралы фильм.

 

«В движении» – Константин Хабенский есімді журналист кезекті репортаждан кейін өз өмірін құтақарады.

 

«Папарацци» – италиялық комедия. Басты рөлде Адриано Челентано ойнайды.

 

«Страх и ненависть в Лас-Вегасе» - спорт журналисті туралы кинокартина. Басты рөлді Джонни Депп ойнаған.

 

«Фотоувеличение» (Blowup) – 1966 жылғы кино. Микеланджело Антонион түсірген. Оқиға желісі қалалық саябақта көп суреттер түсірген фотограф түсініксіз қылмыстық оқиғаға тап болады.

 

«Сладкая жизнь» (La Dolce Vita) – фильмнің режиссері Федерико Феллини. Туынды 1959 жылы шықты. Марчелло есімді журналист туралы фильм.

 

«Вся президентская рать» (All the President’s Men) – 1976 жылы шыққан фильмнің режиссері Дастин Хоффман мен Роберт Рэдфорд. Зерттеу жүргізген екі журналистің қайсысы Никсонның қызметтен кетуіне ықпал етті.

 

«Питер FM» – комедиялық  мелодрама. 2006 жылы шыққан. Оқиға желісі үлкен қалада қалай байланыс үзіп алуға болатыны жайлы өріледі.

 

«Брюс Всемогущий» – комедиялық және қиял-ғажайып драма. 2003 жылы шыққан. Оның репортаждары бәріне қызық болғанымен, өзіне ұнамайды. Брюстің арманы тележүргізуші болу. Алайда ол сәтсіздікке ұшырап, көтерілмек түгіл бар жұмысынан айырылып қалады. Ол мұны Құдайдан гөріп, оған ашуланады, сөйтіп жүргенде ол ерекше жауап алады.

«Фрост против Никсона» 2008 жылы шыққан АҚШ фильмі. Жанры драма. Уотергейт оқиғасынан кейін отставкадағы АҚШ-тың экс-президенті Ричард Никсон британдық тележүргізуші Дэвид Фростқа эксклюзивті сұхбат береді. Саясаткердің бұл қадамы америкалық тележурналистиканың алтын қорына енген оқиғаға айналады.

«Служба новостей» (Newsroom) – ойдан құрастырылған танымал кабельдік телеарнадағы жаңалықтар бөлімінің жұмысы жайлы америкалық драмалық телесериал. 

Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Қолына қалам ұстаған әріптестер туралы фильмдерді қарай жүріңіздер. Ал, қазақстандық режиссерлер де болашақта отандық журналистер туралы туынды – қазақ киносын түсіреді деген үміт басым. Жоғарыдағы тізімдердің арасында отандық кинокартиналар тұратын уақыт алыс емес деп ойлаймыз.  

el.kz

 
Загрузка...