2281

Атақты режиссер Терри Джордж Осман империясы туралы фильм түсіреді

Осы мақсат үшін ең қолайлы ел ретінде Испания таңдалды.
Фотография - Атақты режиссер Терри Джордж Осман империясы туралы фильм түсіреді

Осы мақсат үшін ең қолайлы ел ретінде Испания таңдалды.

"Оскар" жүлдесін талай рет қанжығасына таққан британиялық режиссер Осман империясы кезінде болған оқиға туралы The Promise ("Уәде") атты тарихи драманы түсіру үшін испан жерінде кастинг жариялап қойды.

Басты рольде Кристиан Бэйл ойнайтын бұл фильмнің түсірілімі Мадрид, Сеговия, Авила және Фигерас қалаларында өтеді.

Сол себепті таяу арада кескін-келбеті түркілерге ұқсас 7 мен 13 жас аралығындағы қара шашты және қара көзді балалар арасында кастинг өткізіледі. Сондай-ақ драманың түсіріліміне қараторы әйелдер мен физикалық дайындығы мықты, мығым денелі ер адамдар да қажет.

Ең басты шарт - олардың денелерінің ашық бөліктерінде таңбалары болмауы тиіс. Жаппай түсірілімге қатысудың 1 күндік ақысы – 60 еуро тұрады, деп хабарлайды espanarusa.com.


24.kz