Қазақстан мен Ресей бірігіп, телехикая түсіріп жатыр

Фотография - Қазақстан мен Ресей бірігіп, телехикая түсіріп жатыр

Қазақстан мен Ресейдің киномамандары бірігіп, жаңа телехикая түсіріп жатыр. Фильм орыс тілінде, 14 сериядан тұрады және "Ничего личного" деген атауға ие

286 0

Қазақстан мен Ресейдің киномамандары бірігіп, жаңа телехикая түсіріп жатыр. Фильм орыс тілінде, 14 сериядан тұрады және "Ничего личного" деген атауға ие. Көрермендер оны "Хабар" телеарнасынан қыркүйек айында тамашалай алады.

Жобаны Қазақстан мен Ресейдің бірлескен тобы жүзеге асыруда. Ресейлік тарап "Кухня", "Анжелика", "Интерны" және "Универ" сынды танымал телехикаялардың авторы. Ал, жаңа фильмнің басты режиссері де ресейлік мамандар тарапынан таңдалып алыныпты, ол - Станислав Булов.

Киноның желісі Арсен деген жас жігіттің өмірі жайында. Ол елге танымал кәсіпкердің ұлы. Өзіне сенімді, ақылды, сымбатты, жігіттің сұлтаны. Алайда, ол қиыншылықтың не екенін білмей өскендіктен барлығын да ақшамен сатып алуға болады деген қағиданы ұстанады. Әкесінің дүниесіне сеніп өскен ол күндердің күнінде барлық жиғанынан айрылады. Мұнан кейін Арсен халыққа қызмет көрсету орталығына жұмысқа орналасады. Жұмыс орнында қызмет істейтін Динара есімді аруға ғашық болып, махаббат сезімі оның өмірін мүлдем өзгертуге бірден-бір септігін тігізеді.

Режиссердің айтуынша, телехикаяға түсетін актерлардың көбісі жаңадан кино саласына қадам басып келе жатқан жас актерлар. Олардың көбі кәсіби актерлар болмаса да фильмді жақсы алып шыға біліпті.

"Телехикая он төрт сериядан тұратын мелодраматикалық комедия болмақ. Негізінен, комедия жанрындағы фильмді түсіру жаныма жақын. Әрине драма, мелодрамма жанрында түрлі фильм түсіруге болар еді, алайда, көңіл-күйді көтеріп, еріксіз күлдіретін фильмді таңдадым. Естеріңізде болса бұған дейін "Базарбаевтар" отбасы жайында комедиясы түсірілді. Көрермендер көңілінен шыққан соң екінші бөлімін де түсірген болатынбыз. Ал, қазіргі фильмнің негізгі идеясы ретінде өмірдегі барлық құндылықтар ақшамен өлшенбейтінін көрсеткіміз келеді. Басты кейіпкердің өз махаббаты үшін күресуі жолында қалай өзгеруін көрермендерге көру өте қызық болатынына сенімім мол" деді режиссер С.Булов.

Айта кетейік, телехикаяда қазақстандық танымал әншілер Шер Әлі мен Луина және танымал актерлар Бибігүл Ақтан, Жәния Журинская және Данияр Әлшінов сомдайды. 

 

 

 

baq.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!